рус / eng / kaz
    


Бренд

FRUTTA - Қазақстандық жоғары технологиялы өндіруші 

Біз жеміс-жидек өнімдерін өсіру, сақтау және түпкілікті өңдеумен айналысамыз.
Біздің өнімдер тамақ индустриясы кәсіпорындарына, сондай-ақ, Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдегі бөлшек сауда желілері мен HORECA кәсіпорындарына жеткізіледі.

FRUTTA ең заманауи технологиялардың арқасында тұтынушыларға жыл бойы қолжетімді табиғи және экологиялық өнімдердің кең ассортиментін ұсынады.

FRUTTA шикізатты тиеу бойынша сублимацияланған жемістер мен жидектерді өндірушілердің әлемдегі ең ірі үштігіне кіреді


FRUTTA - өндірістің томаға-тұйық циклы

Өндірістің томаға-тұйық циклін енгізу арқылы біз тиімділікті арттырамыз, инвестиция үшін қажетті мүмкіндіктерге жол ашамыз және экологиялық, экономикалық әрі әлеуметтік пайда табамыз.

Томаға-тұйық цикл экономикасы табиғи ресурстардың таусылуы мен қоршаған ортаның адамзат үшін қауіпті ластану жағдайында өзекті болып отыр. Ол қоршаған ортада жиналатын қалдықтардың пайда болуына жол бермейтін, өндіріс  пен тұтыну кезіндегі материалдардың тұрақты айналымын білдіреді

СУБЛИМАЦИЯ ЖӘНЕ БІРДЕН МҰЗДАТЫП ҚАТЫРУ ЗАУЫТЫ
ТМД елдерінің аумағындағы ең үлкені

Зауыт шикізатты тиеу бойынша сублимацияланған жемістер мен жидектерді өндірушілердің әлемдегі ең ірі үштігіне кіреді. Орталық Азиядағы өнімділігі ең жоғары бірден мұздатып қатыру камералары (IQF) сағатына 8 тоннаға дейін мұздата алады.


БІРЕГЕЙ ЖЕМІС САҚТАУ ҚОЙМАСЫ

Газы реттелетін ортада сақтау;
Голландиялық технологиялар;
15000 тоннаға арналған ГРО-да сақтау камералары (сыйымдылығы 250 тоннаға дейінгі 59 камера және жидектер үшін 50 тоннаға дейінгі 4 камера);
Сұрыптау аймағы (фермерлерден шикізат қабылдап алуға арналған 6 док-шелтер);
Сағатына 9 тоннаға дейінгі көлемдегі жемістерді сату алдында дайындау, сұрыптау және қаптау орталығы


ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ
жемісті өсірудің интенсивті технологиялары

Газы реттелетін ортада сақтау;
Жылжымалы науалардың арқасында жемісті тығыз  отырғызу арқылы құлпынай өсіру жүйесі (swing system)
Жылыжай жылдың кез-келген уақытында тамаша микроклиматты сақтап тұрады
Жылыжайда әр жүйектің астына пленкадан жасалған жеңдер салудың арқасында ауа бір жерде тұрып қалмайды, бұл жайт аурулардың дамуына тосқауыл болады.

Қарау саны: 335
Сақталған: 23.11.2022









(с) Copyright 2022 by Frutta





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!