рус / eng / kaz
    


Жылыжай шаруашылығы

Жеміс өсірудің интенсивті технологиялары

Біздің жылыжай кешеніміз алғашқы астықты ашық жерде өсірілгенге қарағанда, бірнеше аптаға ертерек жинауға мүмкіндік береді. Жылыжай жылдың кез-келген уақытында тамаша микроклиматты сақтап тұрады.



5-ші буындағы FRUTTA шыны жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5,6 гектар, бұл жылына 900 тонна құлпынай өндіруге мүмкіндік береді.


Жылыжайдың ішкі ауасына рециркуляция жасау және баптауды (кондиционирование) қолданудың арқасында, шатырда орналасқан желдету терезелерінің маңызы болмай қалады. Желдету терезелерінің саны классикалық жылыжайлармен салыстырғанда 90% - ға азайды. Жарықтың көбірек түсуі мол өнім алуға ықпал етеді. Зиянкестердің пайда болу қаупі де айтарлықтай төмендейді.

Жылыжай үнемі шамадан тыс қысымға ұшырайды, ал барлық технологиялық ойық жерлер мен желдету терезелері москит торларымен жабдықталған. Бұл зиянкестердің енуіне тосқауыл болады.

Ауа құбырлары арқылы үлестірілген ауа легін жылыту жүйесі климатты дәл басқаруды қамтамасыз етеді.






СО2 жылыжайда біркелкі шоғырланған, көлденең және тік жазықтықтардағы температураның ауытқуы 1-2 Со құрайды, ал бұл – өз кезегінде, маңызды технологиялық жетістік. Бөлмеде әр жүйектің астына пленкадан жасалған жеңдер салудың арқасында ауа бір жерде тұрып қалмайды, бұл аурулардың дамуына тосқауыл болады.












ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТЕР:

DALSEM (Нидерланды) 1926 жылы құрылған. Dalsem компаниясы толық жинақталған жоғары технологиялы жылыжай жобаларын әзірлеуге және іске асыруға маманданған. ТМД-дағы тәжірибесіне 27 жылыжай кешені, оның ішінде Қазақстандағы 5-ші буындағы 4 ірі жетекші жылыжай комбинаты (NAC Agro (BRB APK LLP), Green Land Alatau, IZET-Aktobe, PTK Pavlodar) кіреді.
     
    

Қарау саны: 577
Сақталған: 23.11.2022









(с) Copyright 2022 by Frutta





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!