Жеміс қоймасы
Жемістер газы реттелетін ортада сақталады, оған голландиялық технология қолданылады.
Газы реттелетін ортамен қатар, жемістерді салқындатылған күйде сақтаудың артықшылығы – осы әдісті қолдану кезінде олар өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен сыртқы қалпын толығымен сақтап қалады. Мұндай өнімдердің жаңа теріп алынған өнімнен еш айырмашылығы жоқ.
Жемісті ГРО-да (газы реттелетін ортада) сақтау технологиясының мәні төменде жазылғандарды ескере отырып, белгілі бір сипаттамалары бар сақтау ортасын құруда:
- сақтаудың температуралық режимі;
- ауаның салыстырмалы ылғалдылығы;
- сақтау камерасындағы атмосфераның құрамы, атап айтқанда ондағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшері.
Жемістерді ГРО-да сақтау жемістің егін жинаудан кейінгі пісу процестерін баяулатады, осылайша олардың сақталу мерзімі тауарлық сапасын жоғалтпастан ұзарады. Сонымен қатар, ГРО-ны қолдану төмен температураға төзбейтін жемістерді сапасын жоғалтпай жоғары (2-4 градус С) температура сақтауға мүмкіндік береді. Егер сіз жемістердің тіршілік ету процесін температураны төмендетумен емес, СО2 концентрациясын арттыру және О2 мөлшерін азайту арқылы бәсеңдетсеңіз, онда көбіне төмен температурада сақтаған кезде байқалатын жемістің физиологиялық бұзылуының (жейтін жерінің қараюы және т.б.) алдын алуға болады. Біздің жеміс қоймамызда 15 000 тонналық ГРО камералары бар (250 тоннадан 59 камера және жидектерге арналған 50 тоннадан 4 камера).
Салқындатылған жемістер аса кебе қоймайды, онда этилен деңгейі төмен, физиологиялық зақымдануға төзімдірек болады. Салқындату шарасы жеміс жиналғаннан кейін ең қысқа мерзім ішінде қолға алынады.
Сонымен қатар FRUTTA жеміс қоймасында сағатына 9 тоннаға дейін жеміс дайындауға мүмкіндік беретін жемістерді сату алдында дайындау, сұрыптау және қаптау орталығы бар.
ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТЕР:
ГРО технологияларына арналған скрубберлер нарығында көшбасшы STOREX (Нидерланды) нарықта 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Әлемнің 50 елінде 300 жеміс қоймасы салынды, оның ішінде ТМД-да әрқайсысының қуаты кемінде 10 000 тонна болатын 30-дан астам нысан салынды.
Жаңа піскен жемістер мен жидектерді сатылымға шығаруға дейінгі дайындық пен өнімділігі жоғары сұрыптау және өлшеп орау нарығындағы көшбасшы. Нарықта 1976 жылдан бері жұмыс істейді (Нидерланды). Қазақстанда ірі жеміс қоймаларында алмаға арналған желілермен таныс.
Қарау саны: 293
Сақталған: 23.11.2022